"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ГАЗ – ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ ТРЕНД» – С. ЖАРКЕШОВ ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ЕЛІМІЗДЕ ТИІМДІ БАҒЫТТАР ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ
30.06.2022

 QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Astana Finance Days халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шара аясында компания басшысы спикер ретінде панельдік сессияларда сөз сөйлеп, серіктестермен стратегиялық байланыс орнату мақсатында бірнеше меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, Санжар Жаркешов Катардан келген бизнесмендермен бірлескен панельдік сессияға қатысты.

«Қазақстанда шетелдік инвесторларды не қызықтырады? Жауап: «Газ». Бұл жаңа жаһандық тренд. 2030 жылға қарай электр энергиясының 25-30% газдан алынады. Басқа жағдайда “жасыл” экономикаға көшу мақсаты жүзеге аспайды. Кері тренд те бар, “жасыл” көрсеткішке жете алмай қалуымыз мүмкін, себебі газ саласы ауқымды қолдауды қажет етеді», – деді Санжар Жаркешов.

«Жасыл сутегі» панельдік сессиясы аясында QazaqGaz Жасыл Сутегі Альянсына мүше болып, “таза” экономикаға көшу стратегиясын үйлестіруге дайын екендігін жеткізді.

«QazaqGaz Қазақстанда газ индустриясын дамыту стратегиясын жасап жатыр. Алайда, елімізде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша да ауқымды құжат қажет. QazaqGaz Шетелдік инвесторлар кеңесімен бірлесіп, өз кандидатурасын аталған стратегияны жасау мен орындау бойынша үйлестіруші ретінде ұсынды», – деді С. Жаркешов.

IPO-ға шығу аясында компания жаңа жобаларды қолдау әрі дамыту мақсатында газ саласына шетелдік инвесторларды тартуды көздеп отыр.

«Газ – бұл «таза» отын. Капитал нарығының қатысушыларына газ саласының жобалары қызықты, себебі бұл “жасыл” экономикаға көшудің болашағы. Аталған секторға инвестиция салу тиімді», - деді Басқарма төрағасы.

Анықтама: 27-29 маусымда "Астана" Халықаралық қаржы орталығы тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік және өсу мәселелеріне арналған "Astana Finance Days" V конференциясын өткізді.

Astana Finance Days-өңірде қаржы саласы бойынша ең ірі конференциялардың бірі. Соңғы төрт жылда конференцияға 100-ден астам елден 15000-ға жуық қатысушы келген.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу