"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ГАЗ ҚҰБЫРЫНДАҒЫ АПАТТАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ
24.08.2022

«Қараөзек» компрессорлық станциясындағы оқу-жаттығулар аясында газ саласының қызметкерлері төтенше жағдайға ден қою және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Ағымдағы жылдың 24 тамызында «Қауіпсіз еңбек - 2022» қауіпсіздік жылы шеңберінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) мамандары Қызылорда облысындағы «Қараөзек» компрессорлық станциясының базасында оқу-жаттығу сабағын өткізді.

Оқу-жаттығуға ИОА Қызылорда филиалы өндірістік блогының қызметкерлері, сондай-ақ нысанды өртке қарсы қорғау, оның қауіпсіздігі және шұғыл медициналық ден қою бойынша қызмет көрсететін компанияның мердігерлік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу аясында сценарий бойынша компрессорлық станцияда өрт болып, шығу шлейфі жарылып, екі қызметкер зардап шеккен көрініс көрсетілді. Құлақтандыру жүйесі іске қосылған соң және газ айдайтын агрегаттар автоматты түрде тоқтағаннан кейін, станция персоналы ТЖ-ға ден қою алгоритміне сәйкес қауіпсіз орынға эвакуациялауды бастады. Сонымен қатар, станцияның жауапты қызметтері өртті оқшаулауға және жоюға кірісті.

Санаулы минуттар ішінде құтқарушылар тобы ықтимал зардап шеккендерді іздестіріп, екі жаралыны тапты. Оның біреуінде сценарий бойынша жіліншіктің ашық сынуы және артериялық қан кетуі салдарынан білектің жабық сынуы болды. Екінші зардап шегушінің кенеттен жүрегі тоқтап қалды.

Оқиға орнына келген дәрігерлер тобы барлық қажетті реанимациялық шараларды, қан кетуді тоқтатуды және сынықтарды иммобилизациялауды жүргізді. Арнайы медициналық мекемеге жеткізу үшін шұғыл түрде зардап шеккендерді жедел жәрдем машинасына тасымалдауды ұйымдастырды. Сонымен қатар, тиісті мамандар апаттың салдарын жоюға кірісті.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ техникалық директоры Әуезхан Уромбаевтың айтуынша, мұндай оқу-жаттығу сабақтары арнайы қызметтердің әлеуетті апатты жоюға дайындығын бағалау үшін жүргізіледі.

«Біз іс-шараның жоғары кәсіби деңгейде өткенін көріп отырмыз, барлық қатысушылар қойылған міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ теориялық білімді практикада қолдануда нақты және үйлесімді іс-әрекеттерді көрсетті. Бұл мақсатқа қол жеткізілгенін білдіреді. Дәл осындай сабақтарда пысықталатын нақты дағдылар тұтынушыларға табиғи газды үздіксіз және қауіпсіз тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

ИОА Қазақстанның барлық газ тасымалдау жүйесін пайдалануды жүзеге асыратынын ескере отырып, компаниядағы өндірістік қауіпсіздік, еңбек пен денсаулықты қорғау мәселелері әрқашан басым бағыттардың қатарына кіреді. Ағымдағы жыл ИОА-да «Қауіпсіз еңбек – 2022» қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Жыл бойы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында өткізілетін іс-шаралар штаттан тыс жағдайлардың тәуекелдеріне компанияның тұрақтылығын арттырады, сондай-ақ қызметкерлер арасында өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуды күшейтеді деп күтілуде.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу