"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ 2022 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ
31.08.2022

 «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев еңбек ұжымына компанияның 2022 жылдың 1 жартыжылдығындағы  қызметінің нәтижелері туралы есеп берді.

Өндірістік бағдарлама

Есепті кезеңде газ тасымалдау көлемдері мен бағыттары бөлігінде өндірістік бағдарламаны орындау былайша қалыптасты:

- ішкі нарыққа газ тасымалдау бойынша есепті кезеңде жоспардың орындалуы 95%-ды құрайды;                                                                                                                                    

- газ экспорты бойынша жоспардың 194 млн. м3 немесе жоспарға 106% көлемінде асыра орындалуы байқалады;                                                                                     

- халықаралық газ транзиті бойынша жоспардың орындалуы 145% құрайды.                      

2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған магистральдық газ құбырлары мен ЖАГҚ объектілеріндегі негізгі және қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу толық көлемде орындалды.

Газбен жабдықтаудың бас схемасын өзектендіру шеңберінде облыстарды газдандырудың бас схемалары мен кітаптары дайындалды, олар одан әрі келісу үшін Энергетика министрлігіне жіберілді.

Мердігер ұйым магистральдық газ құбырларының желілік бөлігіне аудит жүргізеді, онда 1-ші жартыжылдықта құбырішілік диагностика нәтижелері бойынша 4 967 км магистральдық газ құбырларына немесе 68%-ға аудит аяқталды (жоспарланған 7 284 км).

 Компания объектілерін 2022-2023 жж. күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға дайындау.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық тұтынушыларға газдың сенімді және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Магистральдық газ құбырлары мен жерасты газ қоймаларын күзгі-қысқы кезеңге дайындау жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуы қысқы кезең мен көктемгі су тасқыны кезеңінен авариялық жағдайларсыз өтуге және тұтынушыларды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Іс-шаралар кестеден озып орындалуда, күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарының орындалу пайызы мынадай:

-         магистральдық газ құбырлары бойынша орындау жоспарланған 47%  кезінде жалпы жұмыс көлемінің 56% құрады;

-          таратушы газ желілері бойынша –жоспарланған 46% кезінде нақты орындалуы 62% құрады.

Объектілерді күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға дайындау шеңберінде мынадай жұмыстар орындалды:

-    техникалық жай-күйін анықтау мақсатында құбырішілік диагностика жүргізумен газ құбырларын тазарту бойынша жоспардың 90%-ы орындалды және 791 км құрайды.

-         магистральдық газ құбырларының желілік бөлігінің газ құбырларын және КС, ГТС технологиялық коммуникацияларын сынау бойынша жоспардың 80% орындалды және 135 км құрайды.

-         құбырішілік диагностика нәтижелері бойынша, күрделі жөндеу жүргізу шеңберінде 2022 жылдың 1 жартыжылдығында жоспарлы 295 құбыр жоспары кезінде 336 ақаулы құбыр ауыстырылды. Жұмыс кестеден бұрын орындалып жатыр.

 

Инвестициялық бағдарлама

1.   «Мақат-Солтүстік Кавказ» МГҚ лупингін салу» жобасы бойынша іске асыру мерзімі: 2021 ж. қараша – 2023 ж. маусым. Мердігерлік ұйымдар жер және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Жобаны белгіленген мерзімде іске асыру күтілуде.

2.   «Бейнеу-Жаңаөзен» МГҚ 2-тармағын салу» жобасы бойынша іске асыру мерзімі: 2021 ж. қараша - 2023 ж. желтоқсан. Тендерлік құжаттаманы бекіту сатысында ЖСҚ, ҚМЖ әзірленді. Жұмыстарды сатып алу рәсімдерін бастау 2022 жылғы 1 тамызға жоспарланған. (Қор тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты).  

3. «Маңғыстау облысының газ тасымалдау жүйесін реконструкциялау» жобасы бойынша іске асыру мерзімі 2021 ж. тамыз - 2024 ж. желтоқсан.

«Бейнеу-Жаңаөзен» МГҚ 1-ші тармағын (999,8 - 920 км) жөндеу бойынша тендер өткізілуде. «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» МГҚ 3 тармағын жөндеуге мердігер ұйыммен шарт жасалды. «Бейнеу-Жаңаөзен» МГҚ 2-ші тармағының құрылысы аяқталғаннан кейін «Бейнеу» КС және «Жаңаөзен» КС реконструкциялау және  «Жаңаөзен-Ақтау» МГҚ күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

4. «Алматы қаласының ЖЭО-2, ЖЭО-3 үшін газ инфрақұрылымын салу» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлену сатысында. «ЖЭО-2» АГТС, «ЖЭО-3» АГТС және TIP-04 жалғастырғышын салу үшін жер учаскелерін сатып алу мәселесі пысықталуда.

5. «Сарша» жерін және «Жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыру» жобасы бойынша іске асыру мерзімі: 2021 ж. шілде - 2022 ж. қазан. Құрылыс-монтаждау жұмыстары, желілік бөлік бойынша сынақтар, іске қосу-жөндеу жұмыстары 100% аяқталды. Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі - «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» МГҚ Ду700-ге қосылғаннан кейін, 2022 ж. қазан.

6. «Қашаған» ГКДҚ-дан «Мақат - Солтүстік Кавказ» МГҚ-ға дейін СКС-пен МГҚ салу» жобасы бойынша іске асыру мерзімі: 2021 ж. маусым - 2023 ж. наурыз. Жұмыстар 74,5%-ға орындалды. Құрылыс кесте бойынша жүргізілуде.

Кадрлық саясат

2022 жылдың 1 жартыжылдығында штат саны 8 660 штат бірлігін құрады. Компания бойынша тізімдік саны 8 462 бірлік деңгейінде қалыптасты, оның ішінде: өндірістік персонал – 7 869 қызметкер, әкімшілік-басқарушылық – 593 қызметкер. Компаниядағы ер адамдар 87%, ал әйелдер 13%. Жоғары білімі бар қызметкерлер – 56%, арнаулы орта білімі бар қызметкерлер – 28%, орта білімділер – 16%.

Қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, қауіпсіз озық еңбек әдістері мен тәсілдерін анықтау және тарату, жұмысшы кәсібінің беделін арттыру мақсатында компания жыл сайын «ҮЗДІК МАМАН» кәсіби шеберлік конкурсын өткізеді.

Бүгінгі таңда өндірістік филиалдарда 15 жұмысшы мамандығы бойынша конкурстың 1-ші іріктеу кезеңі өтті. Финалдық кезең қыркүйек айына жоспарланған, онда конкурс нәтижелері бойынша 1, 2 және 3 орын алған қызметкерлерге жоғары кәсіби шеберлігі үшін жыл ішінде материалдық көтермелеу және лауазымдық жалақыға қосымша ақы төлеу көзделген.

 

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Кадрлық саясат шеңберінде компания өз қызметкерлерін оқытуға, даярлауға және қайта даярлауға ерекше назар аударады. Мәселен, 2022 жылдың 6 айында 9 401 қызметкер оқытудан өтті, оның ішінде: 1) вебинар форматында - 1 026 адам; 2) курстық оқыту форматында – 1 556 адам; 3) қашықтықтан оқыту форматында – 5 380 адам; 4) мобильді қосымша бойынша – 1 064 адам; 5) сыртқы оқу орталықтарында - 375 адам.

         Компанияда жұмыс істеп тұрған «Жас маман» бағдарламасы шеңберінде оқуға гранттар беру бағыты бойынша «Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ-мен кадрлар даярлау жүйесінде жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Қол қойылған Келісімге сәйкес компаниядан студенттер техникалық мамандықтар бойынша оқуға жіберілді, сондай-ақ студенттер компания қатысатын өңірлердегі өндірістік объектілер базасында өндірістік практикадан өту үшін қабылданды. Оқуды аяқтағаннан кейін бұл студенттер компанияның филиалдарына конкурстық негізде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

 

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында компания өндірістік көрсеткіштерді орындағаны үшін жалақы мен сыйлықақылардан басқа мынадай төлемдерді: қызметкерлерге материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік кепілдіктер, өтемақы және біржолғы төлемдерді уақтылы жүзеге асыра отырып, қызметкерлер алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындады. «Наурыз-мейрамына», мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне мерекелік сыйлықақы төленді, сондай-ақ өндірістік көрсеткіштерді орындағаны үшін 2022 жылдың бірінші және екінші тоқсанына қызметкерлерге сыйлықақы берілді.

2022 жылдың қаңтарынан бастап компания қызметкерлерінің жалақысы 2021 жылмен салыстырғанда ұлғайтылды (ай сайынғы 6% индекстеуді қоспағанда):

-         өндірістік персонал үшін 30% - ға (іс жүзінде 24% - ға);

-          әкімшілік персонал үшін 20% - ға (іс жүзінде 14% - ға).

 

«Интергаз Орталық Азия» АҚ әлеуметтік бағдарламасы аясында 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап «Интертич» қазақ денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру корпорациясы» АҚ сақтандыру компаниясымен қызметкерлер мен отбасы мүшелері ауырған жағдайда ерікті медициналық сақтандыру бойынша шарт жасалды, бұл қызметкерлерге ыңғайлы жағдайда жоғары білікті медициналық көмек алуға және ең заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеудің қымбат түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап медициналық көмек көрсетуге лимиттерді 2021 жылмен салыстырғанда 6%-ға ұлғайту жүзеге асырылды.

Салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты, белсенді демалысты насихаттау және қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында компания спортпен шұғылдануға барлық жағдайды жасайды. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында карантиндік шаралар мен шектеулердің алынып тасталуына байланысты, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері санаторий-курорттық сауықтыруға мүмкіндік алды.

 

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау

2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша өндіріске байланысты жазатайым оқиғалар «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да тіркелген жоқ. Кәсіптік аурулардың «0» коэффициентіне қол жеткізілді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, компанияда 2022 жыл «Қауіпсіз еңбек – 2022» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы болып жарияланды, оның шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізілді:

-           Компанияның 12 қызметкері «IOSH жүйесі бойынша жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру» бойынша Managing Safely (Institution of Occupational Safety and Health) оқытудан өтіп, халықаралық сертификаттарға ие болды;

-         Өндірістік бөлімшелердің 70 қызметкері сертификат (Парамедик) ала отырып, дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша оқудан өтті;

-         COVID-19-ға қарсы вакцинация көрсеткіші 98%, ревакцинацияланғандар саны 45% құрады;

- «Тәні саудың – жаны сау» қамқорлығымен спорттық-сауықтыру іс-шаралары өткізілді;

-         «Еңбек және экология қауіпсіздігі балалардың көзімен» атты үздік жарияланымға конкурс өткізілді.

Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі шеңберінде  «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да кешендік апатқа қарсы жаттығулар өткізілді. 2022 жылдың 1 жартыжылдығында өткізілген жаттығулар статистикасы мынадай:

-      Кешендік сабақтар – 20;

-      Апатқа қарсы жаттығулар – 1 109;

-      Өрт-тактикалық оқулар – 375.   

Өндірістік бақылау бойынша компанияның Орталық аппаратының 3 деңгейдегі бақылау комиссиясы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуы бойынша объектілерге тексеру жүргізді. Анықталған бұзушылықтардың саны түрлері бойынша былайша қалыптасты:

-  Еңбекті қорғау – 106;

-  Өрт қауіпсіздігі – 56;

-  Өнеркәсіптік қаупсіздік – 209.

 

Жастар саясаты

2022 жылдың 1 жартыжылдығында кадрлық өзгерістерге байланысты «Интергаз Орталық Азия» АҚ Жас мамандар кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) құрамы қайта сайланды.

Жас қызметкерлер республикалық референдум өткізу кезінде еріктілер ретінде қатысты (кездесу, шетелдік байқаушылар мен делегацияларды сүйемелдеу). Жұмыс қорытындысы бойынша үш адам Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалдарының жас қызметкерлері «QazaqGaz» ҰК» АҚ жас мамандарымен және жергілікті атқарушы басқару органдарымен (әкімдіктер) бірлесіп келесі іс-шараларды өткізді:

1)    Қарттарға көмек;

2)    Сенбіліктер;

3)    Экологиялық акциялар;

4)    Қызметкерлердің балалары арасындағы суреттер байқауы;

5)    «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің жазғы спартакиадасы.

Еріктілер ретінде жазғы спартакиаданы ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін жас қызметкерлер «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен материалдық жағынан көтермеленді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында жас қызметкерлер «Тілектер ағашы» қайырымдылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр (балалар үйіндегі балалардың, қарттардың, мүгедектердің тілектерін қызметкерлердің өз қаражаты есебінен орындау). Бұл іс-шара Қазақстан Республикасындағы Балалар жылына орайластырылады.

  

            Өз баяндамасын аяқтай келе, Манас Тасыбаев бүкіл еңбек ұжымын келе жатқан Конституция күнімен және Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Біздің жетістіктеріміздің негізінде ұйымшыл ұжымымыздың әрбір қызметкерінің жеке үлесі жатыр. Мен сіздерге жанқиярлық еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз және өз істеріңізге адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін».

«Интергаз Орталық Азия» АҚ ерекше көзге түскен қызметкерлеріне мерекенің құрметіне ведомстволық наградалар, медальдар, естелік белгілер және құрмет грамоталары табыс етілді.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу