![]() | Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
![]() | Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
![]() | Көшеров Даир Әділбекұлы |
![]() | Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
![]() | Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
![]() | Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейірбек Ихсанов пен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев Алматыда ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те газ құбыры инфрақұрылымын салу барысын тексерді.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Алматы ЖЭО-ны газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, екі автоматты газ тарату станциясының құрылысы бастады. АГТС өнімділігі 250 және тиісінше 150 мың м3/сағ құрайды. Бұдан басқа, қуаттылығы сағатына 1000 мың м3 «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары арасында TIP-04 газ жалғастыру құбырын салу жүзеге асырылуда.
«Табиғи газды берудің қосымша көзі одан әрі энергетикалық қауіпсіздікті ұстап тұруға және Алматы облысы бойынша оның ішінде ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газдандыруды ескере отырып, Алматы энергокешені үшін газды сенімді және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.», - деді Мейірбек Ихсанов.
Жобалық құжаттамаға сәйкес, мердігер ұйымдар қажетті жабдыққа толық тапсырыс беріп, оның мерзімінде жеткізілуі күтілуде. АГТС және TIP-04 газ жалғастыру құбырын салуды аяқтау 2023 жылғы желтоқсан айының соңына жоспарланған.
Жобаны іске асыру Алматы қаласы мен оның маңындағы ауаның ластануын азайту есебінен адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады, сондай-ақ өсіп келе жатқан энергия тұтынуды өтейді деп күтілуде.
«Қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-ын жаңғырту» жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен іске асырылуда. Өз кезегінде QazaqGaz, газ инфрақұрылымының құрылысымен айналысып жатыр.
04.09.2023
QazaqGaz-да газ саласының үздіктері марапатталды
Әрі қарай оқу
|
29.08.2023
«Орал» компрессорлық станциясына Есет Әзірбаевтың есімі берілді
Әрі қарай оқу
|
29.08.2023
Батыс Қазақстан облысының Газ шаруашылығы жылыту маусымына 100% дайын
Әрі қарай оқу
|
16.08.2023
QazaqGaz Маңғыстау облысында МАЭК-ті жөндеумен байланысты газ тасымалдау жүйелерін күрделі жөндеуді бастады
Әрі қарай оқу
|