Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Қызылордада «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырын іске қосу арқылы аймақтағы 21 елді мекенді көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік туды. Бұл - өңірді газдандырудың I кезеңі аясында жүзеге асырылатын жоба. Осы арқылы он жыл бойы жүргізілген газдандыру жұмыстары өңір халқының 70 пайызын сұйық отынмен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Тіпті, елімізде газдандырудың бас сызбасына сәйкес өңірдегі шалғай жатқан ауылдық округтерді газдандыруға 13 автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылады. Әзірге Шоқай, Қамыстыбас, Тереңөзек, Ақсуат, Бесарық, Ақкеспе елді мекендерінде станса салуға жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ, Жақсықылыш кентін газдандыру жұмыстарын жүйелеп алуға облыстық қазынадан 356,7 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Шәменов пен «ҚазТрансГаз» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Қайнар Нұрлыбаев аймақты газдандыру шаралары төңірегінде кеңінен айтып берді.
- Қазіргі таңда газдандыру жұмыстары мен АГТС орнату үшін Жосалы кентіне облыстық бюджеттен 65180 мың теңге, Жалағаш және Тереңөзек кенттеріне 85758 мың теңге бөлініп отыр. Сонымен бірге, 40241 мың теңгеге Жалағаш кентіне газ құбырларын жүргізу және квартал ішілік газ тарту шараларының құрылысына жоба-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Ал Тереңөзек кентіне осы сынды жұмыстарға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 37723 мың теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.
Облыс орталығынан әріде жатқан елді мекендерге газ тарту жұмыстарының қарқын алуына облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында жүргізілген келісім-шарт сеп болып отыр. Соның нәтижесінде Байқоңыр қаласы, Арал қаласы, Әйтеке би кенті, Шиелі және Жаңақорған кенттерінде газ тарту стансалары мен кварталішілік газ құбырларының құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 23 млрд. теңге жаратылады.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|