Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Алматы. 26 мамыр. Ақпараттар орталығы. Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Президенті Сума Чакрабарти мен «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев Астанада газ саласындағы бірнеше қазақстандық жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінен.
Қол қойылған құжаттарға сәйкес ЕҚДБ «ҚазТрансГаз» АҚ 294 миллион евро бөледі.
«Қаражаттың бір бөлігі «Бозой» жерасты газ қоймасының қуатын ұлғайту, оның сенімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында оны реконструкциялау мен жаңғыртуға жұмсалатын болады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
ЕҚДБ екінші жобаның шеңберінде Маңғыстау және Ақтөбе облыстары елді мекендерінің газ тарату желілерін жаңғырту, реконструкциялау және жаңадан салу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға 52 миллион евро бөледі. .
Бөлінген қаражатқа аталған облыстардың елді мекендерін газдандыру, ескірген газ желілерін жаңарту жүргізіледі. Тұтас алғанда, табиғи газ тұтынушылар саны 12 мың абонентке ұлғаяды..
«Біз Қазақстанмен бірге «Жасыл» экономика тетіктерін әзірлеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізіп жатырмыз, өйткені неғұрлым таза энергия көздеріне көшу жедел нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Газ көмірмен салыстырғанда неғұрлым таза энергия көзі болып табылады және жаңартылатын энергия көздерін толықтыруға мүмкіндік береді. Біз ҚазТрансГаз компаниясымен ынтымақтастықтың басталғаны үшін және болашақ орнықты экономикаға қарай осындай маңызды қадамдар жасай отырып, Қазақстанмен тығыз әріптестігімізді жалғастырып отырғанымызға қуаныштымыз» - деп мәлім етті Сума Чакрабарти кредиттік келісміге қол қою барысында, Қайрат Шәріпбаев түсіндіріп өткендей «атқарылған жұмыстар әріптестер тарапынан оң бағаланып, сенімдерін арттырып отыр, сондықтан Европалық банкпен одан әрі басқа да бірлескен жобалар жүзеге асырылуы мүмкін».
«Өткен жылы ғана «ҚазТрансГаз» ең ірі екі жобаны іске асырды, олар: «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының үшінші желісі және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры пайдалануға берілді. Барлық жаңа жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға және транзиттік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға бағытталған», - деп атап өтті ол.
«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|
19.08.2024
Премьер-министр Талдықорған-Үшарал газ құбырының құрылысымен танысты
Әрі қарай оқу
|
28.07.2024
«Интергаз Орталық Азия» АҚ артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды
Әрі қарай оқу
|
13.06.2024
Түркістан облысында газдың шығып кетуін жою бойынша оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды
Әрі қарай оқу
|