"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Газ саласының нағыз шеберлері анықталды
19.07.2016

Мамандардың кәсіби шеберлігі - өндірістің өркендеуі мен сапалы жұмыстың кепілі. Осыны берік ұстанатын ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» компаниясы өз қызметкерлері арасында биыл да «Үздік маман-2016» байқауын өткізді.

Байқауда бағын сынау үшін компанияның Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Алматы,Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы филиалдарынан ең үздіктер деп танылған 102 үміткер жиналды. Шымкент қаласындағы оқу-курстық комбинаты базасында және Полторацк желілік өндірістік магистральды газ құбыры басқармасында өткен шараның маңыздылығын журналистер қауымы да көзімен көрді.

Қалың болат темірді кесіп, оны асқан дәлдікпен қайта қиыстыру дәнекерлеушілердің күнделікті атқаратын жұмысы. Дегенмен ақ қар, көк мұзда, аптап ыстық пен қақаған аязда да іркіліссіз жұмыс істеп үйренген мамандар үшін жауапкершілік жүгі ауырлай түскені анық.

Қырағы қазылар алқасының көз алдында болат балқытып, темірден түйін түю, сайыста берілген тапсырманы мейлінше ұқыпты орындау – асқан шеберлікпен жүзеге асып жатты.

•«Біздің қызметкерлер арасында байқалатын жақсы бір үрдіс – ең үздік, ең шебер маман болуға деген ұмтылыс. Салыстыра айтар болсам, талпыныс өте жоғары. Бұдан мекемеміздің ұтары мол. Өйткені әр ісін, әр қимылын терең білетін, нағыз шеберлеріміздің қатары артып келеді» - дейді «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы бас директорының орынбасары Мұхатай Шаңбатыров

15 мамандық түрі бойынша өзара мықтыны анықтау оңайға түскен жоқ. Бұл жолғы сынақтың бір ерекшелігі, оған алғаш рет газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу слесарлары, ұңғымаларды күрделі жөндейтін бұрғылаушылар мен олардың көмекшілері де қатысты. Ақтық сынға өткендер қауіпсіздік ережесін сақтаудан бастап қалай алғашқы медициналық көмек көрсету керектігіне дейін орындады.

Табиғи газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдауды қамтамасыз етіп, әр шаңыраққа үздіксіз жетуін, өндіріс пен жылыту орталықтарын көгілдір отынмен тұрақты қамтып отырған компанияның кәсіби мамандарға кенде еместігін көзбен көрдік. Жұмысшыларды ынталандырудағы осындай байқаулардың рөлі жоғары екенін аңғардық.

«Интергаз Орталық Азия»АҚ қызметкері Мұхамед Райымовтың пікірінше, әсіресе жас мамандардың біліктілігін арттырып, шеберлігін ұштауға байқаудың берері мол. «Тәжірибе алмасу, білгеніңмен бөлісу арқылы өзіңнің де өзгелердің де кәдімгідей деңгейі көтеріліп қалады» - дейді маман.

Байқау қорытындысын шығарған қазылар алқасы үміткерлердің барлығы дерлік марапатқа лайық екенін атап өтті. Биылғы «Үздік маман – 2016» байқауының финалдық жарысында қатысушылар «Технологиялық компрессорлар машинисті», «Техникалық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь», «Желілік құбыр қоюшы», «ГТС операторы», «Жерасты құбыр желілерін жүргізуден қорғау жөніндегі монтер», «Электр және газ дәнекерлеуші», «Арнайы техника машинисті», «Жүк көлігінің жүргізушісі», «Газ өндіру жөніндегі оператор» және «Газ құбырларын кесуші», «Электр қондырғыларын жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі электромонтер» мамандықтарынан бөлек, жаңадан «Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарлар», «Ұңғымаларды күрделі жөндейтін бұрғылаушылар» да бақ сынасты.

Мамандардың теориялық білімдерін өндірістік нысандарда, яғни тәжірибеде байқап көрген қазылар алқасы қатысушылар орындаған жұмыстың көлемі мен сапасына, жұмыс орнында өндірістің жоғары мәдениеті болып танылатын қауіпсіздік техникасы ережелерін білу мен сақтау барысына ерекше назар аударған.

Жарыстың аты жарыс. Жоғарыда айтып өткен 15 номинацияның әрқайсысына 3 орыннан белгілеген компания басшылығы жүлдегерлерді жоғары кәсіпқойлығы үшін дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттап, жыл бойы еңбекақыларына ақшалай үстемақылар қосылып тұратынын атап өтті. Сонымен бірге, бірінші орын иегерлерінің кеудесіне арнайы жасалған «Үздік маман—2016» белгісін тақты.

Ал, «Технологиялық компрессорлар машинисі» мамандығының үздігі атыраулық А. Салыхов мамандардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына, білмегенін үйренуіне көп мүмкіндік жасайтын осындай сайысты ұйымдасырып отырған компания басшылығына ризашылығын бірдірді.

Айта кетерлігі, сайысқа қатысушылар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнайы тарту да жасап үлгерді. «Аймақтардан жиналған дәнекерлеушілер осында келген соң өзімізден кейінгі ізбасарларға үлгі ретінде естелік қалдырайық деген оймен аса берік болат құбырдан байрақтың кескінін құрастырып шықтық» - дейді шеберлер.

Болат темірді иіп, қыран құс пен алтын күннің бейнесін асқан дәлдікпен ойып, оны қайта дәнекерлеп шығу да оңайға түскен жоқ.

«Салмағы 350 келіден асатын байрақтың кескініндегі қыран құс та, көгілдір отын да - Ұлы даланың алып қуаты. Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнаған тартуымыз»,- деді газ кесуші Еміт Есенғалиев.

Назгүл НАЗАРБЕКОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
19.08.2024
Премьер-министр Талдықорған-Үшарал газ құбырының құрылысымен танысты
Әрі қарай оқу
28.07.2024
«Интергаз Орталық Азия» АҚ артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды
Әрі қарай оқу
13.06.2024
Түркістан облысында газдың шығып кетуін жою бойынша оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды
Әрі қарай оқу