Шаһардың іргесіне дейін 39 шақырым магистральді құбыр тартылып, газ тарату стансасының құрылысы жүруде. Оны салуға қазынадан 2 миллиард теңге қаржы бөлінген. Станса арқылы сағатына 50 текше метр көгілдір отын құбырларға жіберіледі. Жалпы, 80 мыңға тарта тұрғыны бар Шардара ауданы... - облыста табиғи газбен аз қамтылған аймақтардың бірі. Жаңадан салынып жатқан газ тарату стансасының арқасында өркениет игілігіне қол жеткізген тұрғындар саны тағы 44 мыңға артқалы отыр. Газ тарату орталығы мен елді мекендерге желі тарту жұмыстары алдағы екі – үш жылда толығымен аяқталатын болады.
Еркебұлан Қаратунов – Шардара аудандық тұрғынүй комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
- №18 газ тарату станциясымен Шардара қаласы және 11 елді мекен газбен қамтылады жоба аясында. Біз Шардара қаласын және ауданын 2019-2023 жылдары толық газбен қамтуды жоспарлап отырмыз.