Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Былтырғы жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың ішкі нарыққа сатылған газдан шеккен шығыны 124 млрд. теңгені құрапты. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында компанияның бас директоры Ибулла Сердиев айтты. Шараға Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы Ғалым Нұрғазиев та қатысып, еліміздегі газ өндірісі туралы әңгімеледі.
Былтырғы жылы елімізде 45,3 млрд. текше метр газ өндірілгенін айтқан департамент басшысы, көгілдір отынды тұтынушылар саны да артып келе жатқанын жеткізді. «Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері газ өндіруді 5,5 есеге арттырды. 2015 жылы Қазақстан 45,3 млрд. текше метр газ өндірді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Сонымен бірге, газ экспортының да көлемі артқан. Былтыр Қазақстан 12,7 млрд. текше метр газ экспорттады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 15 пайызға, 2000 жылға қарағанда 3,5 есе жоғары. Ол кезде тек 3,4 млрд. текше метр газ шетелге сатылған болатын», деген ол, экономиканың өсуіне және Үкіметтің елді газбен қамтамасыз ету бағдарламасының арқасында газдың ішкі тұтыну көлемі едәуір артып отырғанын айтты. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге көп көрінеді.
Ал еліміздегі газдандыру және көгілдір отынмен жабдықтау саласында өткен жылы атқарылған жұмыстармен таныстырған «ҚазТрансГаз» компаниясының бас директоры республиканың 10 аймағында 7 миллионнан астам тұрғынды және 30 мыңнан астам кәсіпорынды газбен үздіксіз қамтамасыз етіп отырғандарын айтты. «Мемлекет басшысы ұлттық операторға еліміздің барлық ауыл-аймағын газбен қамту қажеттігі туралы нақты тапсырмалар берді. Бұл тапсырмаларды орындау үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазір көріп отырғанымыздай, еліміздің газ жүйесін жаңғырту мен газдандыруға қатысты жоспарланған барлық инвестициялық жобалар іске асырылды», – деді И.Сердиев.
Компанияның қол жеткізген табыстары жөнінде әңгімелеген бас директор салада орын алып отырған қиындықтарды да жасырып қалмады. «Назарларыңызды мына бір мәліметке аударғым келеді. Біздің компания ішкі нарыққа көгілдір отын сатудан қыруар шығын көріп келеді. Өйткені, бүгінде газдың көтерме бағасы оның өзіндік құнынан айтарлықтай төмен деңгейде бекітілген. Соның салдарынан ұлттық операторға өткен 2015 жылы ішкі нарыққа сатылған газдан келген шығын 124 млрд. теңгені құрады. Осы қаржылық шығындардың орнын компания газ тасымалдау және транзиттік тасымалдау мен экспорттық операциялар есебінен жауып отыр», – деді бас директор.
Шара барысында Астананы газдандыру жобасы да назардан тыс қалмады. Ғ.Нұрғазиев елордаға газ тарту жөніндегі мәселе белгісіз мерзімге тоқтатылғанын айтты. «Бүгінгі таңда Астанаға газ құбырын тартудың екі жобасы бар. Олар – Қостанай облысынан тартылатын «Қарталы – Тобыл – Көкшетау – Астана» магистралі мен «Бейнеу – Бозой – Шымкент» құбырына «Қызылорда – Жезқазған – Теміртау – Қарағанды – Астана» магистралін жалғау арқылы елордаға газ жеткізу. Бірінші жоба бойынша жұмыстар атқарылды, жобалық-сметалық құжаттамасы да бар. Екінші магистраль бойынша аздаған теxникалық-экономикалық есептеулер жасалды. Қазіргі уақытта екі жобаны да тоқтата тұру туралы шешім шығарылды. Әзірге белгісіз мерзімге», – деді департамент директоры.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|
19.08.2024
Премьер-министр Талдықорған-Үшарал газ құбырының құрылысымен танысты
Әрі қарай оқу
|
28.07.2024
«Интергаз Орталық Азия» АҚ артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды
Әрі қарай оқу
|
13.06.2024
Түркістан облысында газдың шығып кетуін жою бойынша оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды
Әрі қарай оқу
|